Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

З. Бәлиева: БАҚ балалар түсірілген фото-, бейнематериалдарды көрсетуге қақысы жоқ

22 қараша 2016

Соңғы кездері БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жас балаларды аяусыз ұрып-соғу түсірілген роликтер пайда болуда. Кадрдан балалардың бетінен ұрып, шашын жұлып, қолын бұрап жатқандарын көруге болады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева ORTCOM.KZ порталына балаларды қалай қорғау керектігі жөнінде айтып берді.

«Баланы қорлауға болмайды. Бала өзінің қауіпсіздігін сезінуі тиіс, әрі баланың ар-намысына тимеу де өте маңызды. Тіпті бала кінәлі болса да, оның өз кінәсін түсініп, татуласуға, кешірім сұрауына мүмкіндік беру қажет. Баланың да, ересектер сияқты, фото-, бейнетүсірілімдерден қорғануға құқысы бар. БАҚ ата-анасының, қамқоршыларының және басқа да заңды өкілдердің келісімінсіз мұндай материалдарды көрсетуге қақысы жоқ. Оның өте жаман, жағымсыз әсері болуы мүмкін», - деді ол.

Сонымен қатар, депутат заң жобаларын қабылдауда балалардың да пікірін ескеру қажеттігін атап өтті. Бұған қоса, Зағипа Бәлиева ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен және ювенальдық юстициямен бірлесе отырып, психологтар даярлау мәселесін көтергенін де жеткізді.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ