07.04.2021 _ 12:15

Су тасқыны кезінде жолдарда жұмыстарды уақытылы әрі тиімді ұйымдастыру үшін барлық қажетті материалдары әзірленген - Автомобиль жолдары комитеті

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын еріген және тасқын сулардың өтуіне дайындау жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жүргізілуде. Бүгінде cу өткізу құбырларының саңылауларын тазалау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтекен брифингте ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Абдуллин мәлім етті. Бұдан бөлек, автожолдарды тәулік бойы кезекшілікпен патрульдеу ұйымдастырылған 434 қауіпті учаске, 838 құбыр және 52 көпір жіті бақылауға алынды.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Аталған учаскелерде қажетті жол техникасының 746 бірлігі бекітілген. Су тасқыны кезінде жұмыстарды уақытылы әрі тиімді ұйымдастыру үшін барлық қажетті жол материалдары әзірленген. Атап айтқанда 631 тонна жанар-жағармай материалдары, 7 мың м3 құм, 12 мың м3 тас, 15 мың м3 қиыршық тас, 45 мың қап және 24 темір-бетон конструкциясы толықтай дайын. Сондай-ақ, реконструкция мен күрделі жөндеу жүргізу барысында су тасқыны қаупі жоғары деген автомобиль жолдарының учаскелерінде тасқын сулардың өткізгіштігін арттыру үшін саңылаулар диаметрі мен су өткізгіштердің саны көбейтіп, үйінділердің биіктігін арттыру мақсатында қосымша көпірлер мен су өткізу құбырларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Т.Абдуллин.

Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде өңірлердегі ауа райы мен климаттық жағдайлар, сондай-ақ, өткен жылдарғы су тасқыны кезеңіндегі нәтижелер ескеріледі.