07.04.2021 _ 16:05

Алексей Цой: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қорғау. Көмектесу. Күш-жігерді біріктіру» үндеуі бәрімізге ортақ болуы керек!»

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барша қазақстандықтарды Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады. Оның айтуынша, жыл сайын бұл күн белгілі бір өзекті тақырыпқа арналады. 2021 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны – «Дені сау әлем құру».

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 2021 жыл халықаралық медициналық-санитарлық және әлеуметтік қызметкерлер жылы болып жарияланды. Мұндай шешіммен ДДСҰ COVID-19 пандемиясымен күресте олардың адалдықтарына құрмет көрсетуге шақырады», - деді министр.


Брифингте сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы барлық қазақстандықтарды өз денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілік танытуға және тіркелген жері бойынша емханаларда вакцинациядан өтуге шақырды.


«ДДСҰ-ның «Қорғау. Көмектесу. Күш-жігерді біріктіру» үндеуі бәрімізге ортақ болады. Вакцинация - вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы! Вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір қазақстандықты бас тартпауға және екпе алуға шақырамын. Тек осылай ғана біз аз ғана шектеулермен біртіндеп өмірге орала аламыз», - деді А. Цой.