Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында 2,6 млн текше метрден астам су сорылды. Соңғы 10 күнде 460 үй, 10 көпқабатты тұрғын үй, 38 әкімшілік және кәсіпкерлік нысанда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді. Бір тәулікте 90 үйде электрмен жабдықтау және 20 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл деректерді ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев хабарлады.
Оның айтуынша, залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда.
«Азаматтардан 2643 өтініш қабылданды. 595 үйге техникалық бағалау жүргізілді. Объектілерді техникалық тексеру жұмыстары жалғасуда. Жайық өзеніндегі су тасқынына қатысты Атырау облысының аумағында алдын алу іс-шаралары жалғасуда. Бұл жұмыстардың 98%-ы аяқталды - 525 шақырым жағалауды нығайту бөгеттерінің 506 шақырымы салынып бітті», - деді спикер.
14 мыңға жуық адам, 1,3 мың бірлік техника жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда.