03.06.2020 _ 10:40

2019 жылы 5,6 миллион гектар пайдаланылмайтын жер анықталды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тұрғындарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы хабардар етті.

Министрдің ақпараты бойынша келесі шаралар қабылданды: 1,9 млн.га бұрынғы жер пайдаланушылармен игеріле бастады; 1,1 млн. га жер пайдаланушылармен ерікті түрде бас тарту жолымен мемлекеттік меншікке қайтарылды; 2,6 млн. га әкімдіктермен оларды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша сот-іс жүргізу жұмыстары жүргізілуде.

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану космомониторингі бойынша ережелер қабылданды. Мониторинг нәтижелері бойынша жалпы ауданы 7,3 млн. га пайдаланылмайтын 9 061 жайылымдық жер анықталды.

Анықтама: Ақмола облысында – 1,6 млн.га алқапқа 3182 жер учаскесі, Шығыс Қазақстан облысында – 2 374 жер учаскесі 1,3 млн.га алқапқа, Қостанай облысында – 3 330 жер учаскесі, көлемі 1,9 млн.га алқап, Маңғыстау облысында 175 жер учаскесі бар, оның көлемі 2,5 млн.га.