29.11.2019 _ 18:25

Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады

Мемлекет басшысы мен Парламент Сенатының бірінші төрағасы Орталық Азиядағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдар жөнінде пікір алмасты.

Олар қоғамдық өмірдегі өзекті проблемаларды, соның ішінде өскелең ұрпақтың патриотизм рухында тәрбиеленуіне, халқымыздың тарихына құрметпен қарауына қатысты мәселелерді талқылады.

www.akorda.kz