14.02.2020 _ 08:05

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Әділ Ахметовті қабылдады

Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің түйткілді мәселелері талқыланды.

Әділ Ахметовтің пікірінше, келіп түсіп жатқан ұсыныстарды мұқият, асықпай зерттеу қажет, сондай-ақ, оларды талдау кезінде ғылыми әдіске сүйену керек.

Сонымен қатар еліміздің қоғамдық өміріндегі басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

www.akorda.kz