22.02.2019 _ 11:31

25-ақпанда журналистерді аккредитациялау Ережесіне өзгерістер енгізуге байланысты талқылау жиыны өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Журналистерді аккредитациялау ережесіне өзгерістер енгізуге байланысты бірінші талқылау жиыны өтеді.

Кездесу 2019 жылдың 25 ақпанында сағат 16.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.

Қатысам деушілер «Қазмедиа орталығы» ғимаратына кіру үшін 2019 жылдың 25 ақпаны сағат 15.00-ге дейін sck.astana@gmail.com электрондық мекен-жайына өзі туралы деректерді жібере алады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 559348, 559333.