19.09.2019 _ 14:12

Қазақстанда қылмыс деңгейі 14%-ға төмендеді

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов алаңымызда өткен брифингте мәлімдеді. Спикердың айтуынша 2025 Стратегиясын іске асыру барысында Бас прокуратура Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық-процесстік Кодекстерін жетілдіру туралы заң жобасын әзірлеген.

"Прокурорлармен азаматтарды заңсыз ұстаудың 600 фактісі анықталды. 149 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 4 177 тәртіп сақшысына жаза қолданылды", - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Сонымен қатар, қылмыстық істерден бөлек прокуратурамен алынған шаралар аясында 22 мың жұмысшының жалақы берешегі өндірілген.