08.07.2020 _ 11:50

Р.Қарабаева: неврологиялық көрсеткіштер болмаса МРТ жасау қажет емес

Коронавирустың ауыр түрімен ауырғандар бүйрегін, бауырын және жүрегін тексертуі керек. Жоғары санаттағы дәрігер Раушан Қарабаева Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып осылай деді.

Оның айтуынша, коронавирусты емдеу кезінде қолданылатын дәрілердің жанама әсерлері бар және ішкі органдардың жұмысына әсерін тигізеді. Стационарларда иммундық жүйенің гиперергиялық реакциясын болдырмау үшін биологиялық препараттар беріледі.

«КВИ кезінде пневмонияның ауыр және орташа ауыр жағдайдағы науқастарды емдеу үшін қолданылатын препараттар қауіпсіз емес. Олардың кейбірі нефроуытты болып табылады. Яғни бүйрекке ісер етеді. Бауырға әсер ететіндей гепатоуытты және кардиоуытты, жүрекке әсер етеді. Егер науқасқа мұндай препараттар тағайындалса, онда емделіп шыққан соң тиісті органдардың қызметіне мониторинг жүргізу керек. КВИ-ден жазылған егде жастағы науқастарға МРТ-зерттеуден өту қажет емес. Ол үшін неврологиялық белгілер болуы керек», - деді медицина ғылымдарының докторы.