Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті тексерген ойыншықтардың 60 пайызы балалар денсаулығына қауіпті болып шықты , деп хабарлайды оrtcom.kz тілшісі.
«1556 ойыншық үлгісін зерттелді, оның 60 пайызын құрайтын 916-дан астам ойыншық балалар денсаулығына қауіпті болып шықты. Басым көпшілік жағдайда ойыншықтар Қытайдан (73,2 пайыз) және Түркиядан (26,4 пайыз) әкелінген», - деді Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила БЮРАБЕКОВА.
Айтуынша, тескеріс нәтижесінде 332 кг астам ойыншық сатылымнан алынып тасталды.