15.04.2021 _ 15:40

Былтыр еңбек нарығының негізгі индикаторлары тұрақты болды – ҚР ЕХӘҚМ

Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру әрқашан Үкімет пен министрлік жұмысының негізгі бағыты болып келді. Бұл мәселелер бәріміз үшін өте маңызды, әсіресе қазіргі кезде, өйткені еңбек нарығына COVID-19 пандемиясының теріс әсерін сезінудеміз. Былтыр экономиканың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, еңбек нарығының негізгі индикаторлары тұрақтылықты көрсетті. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күшінің саны 9,2 млн құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 6,7 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 2 млн. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов осындай мәліметтерді жария етті.

 Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 449 мың адамды немесе 4,9% құрады. 


«2018 жылмен салыстырғанда жұмыс күші 43 мың адамға көбейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 37 мыңға азайды. Министрлік тұрақты түрде мониторинг, сараптамалық талдаулар жүргізеді. 2019 жылдың 4-тоқсанында уақытша жұмыс істемейтіндер саны 99 мың болса, былтыр нағыз қиын кезең - 2-ші тоқсанда уақытша жұмыс істемейтіндер саны 536 мыңды құрады немесе 4,5 есеге ұлғайды. Тиісті шаралар қабылдаудың арқасында жыл соңында бұл көрсеткіш төмендеді немесе уақытша жұмыс істемейтіндер саны 147 мыңды құрады. Яғни, қолданылған шаралар өз тиімділігін және экономиканың тұрақтылығын көрсетті», - деді вице-министр. 


ҚР ЕХӘҚМ жұмысыздық деңгейінің артуына жол бермес үшін «Еңбек» бағдарламасы, Жұмыспен қамту жол картасы және т.б. сияқты бірқатар жобаларды іске асыруда.