17.09.2021 _ 11:50

Атырау облысында 59 егу пункті ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда індеттен арылудың басты жолы – екпе екендігін айтқан болатын. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, өңірде вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде 59 егу пункті жұмыс істейді, оның 10 жылжымалы.
иллюстративное фото с сайта atpress.kz


«Бүгінгі күнге дейін облысқа вакцинаның 250 мыңға жуық дозасы жеткізілді, оның ішінде егілуге тиіс халықтың 85% 1-ші компоненпен, 78% II компонентпен егілді. Бұл жалпы, екпе алуға жататын тұрғындардың 71,8%-ы», - деді Хаменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  


Оның айтуынша, Атырау облысы бойынша «Ashyq» жобасына 8409 кәсіпкерлік нысан тіркелді. 64 мобильді топ құрылып, карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізуде. Мониторингттік топтармен 2021 жылдың 1 қаңтар мен 13 қыркүйек аралығында  12501 рейдтік тексеріс өткізіліп, 51713 обьект қамтылды.