Биылғы он екінші рет өтіп отырған экономикалық форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады. Форум аясында екі күннің ішінде 50- ден астам сессия мен іс-шара өтеді.

Астана экономикалық форумы биылығы жылы «Шабыттандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.

«Астана экономикалық форумы көптеген жылдар бойы жаһандық мәселелерді шешуге және оларды шешу жолдарын табуға арналған тиімді алаңға айналды. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі ХІІ-ші форумның тақырыбы «Шабыттандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар»деп аталды. Осы жылдың негізгі тақырыптарының бірі – адами капитал, бүгінде бүкіл әлемге қажет ақылды, жас және талантты адамдар жайлы. Адам капиталы қазіргі таңда бірінші болып келеді, ол үшін жетекші елдер үстем жағдайға ие болу үшін күреседі», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Ерлік Қаражан.

АЭФ-2019 елімізде бұрын соңды өткізілмеген жаңа форматтағы іс-шаралар жоспарланған. Алғаш рет қаржы министрлері мен елдердің орталық банктерінің басқарушылары үшін Халықаралық Валюта Қорының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық форум, сондай-ақ, Кавказ және Орталық Азия елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының, Еуразиялық эконогмикалық одаққа мүше мемлекеттерінің және Монғолия қаржы министрлері мен оралық банктер басшыларының қатысуымен дөңгелек үлтелдер өтеді.

Айта кетсек, аталаған форум биылғы жылы елімізде он екінші рет өтуде.