Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.

— Қонақжай Тәжік елінің, Душанбе қаласының алдағы самиттерге дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Біздің тарап министрлер деңгейінде қажетті құжаттарды пысықтады. Қол қойылатын құжаттарды отырыс барысында жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын, — деді Қазақстан Президенті.

Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.