Іс-шараға Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Испания, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, Польша, Португалия, Косово, Молдова, Румыния, Словакия, Черногория, Чех және басқа да 20-дан астам жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты.

Кездесуді Чех Республикасының Жоғары аудит офисі ұйымдастырды.  Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің Төрайымы Молдова, Польша, Португалия және Чехия жоғары аудит органдарының бірінші басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Австрия мен Швецияның жоғары аудит органдарының өкілдерімен де кездесулер болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алмасу, соның ішінде электрондық үкімет жобалары, аудиторлық қызмет нәтижелерін жариялау және басқа да мәселелер бойынша семинарлар өтеді деп жоспарланған.

*** Еуропалық жоғары аудит органдарының ұйымы (ЕУРОСАИ) өз қатарына 195 елдің жоғары аудит органдарын (бұдан әрі – ЖАО*) толық құқылы мүше ретінде, 5-уін - қауымдастырылған мүше ретінде және 1-уін - үлестес мүше ретінде біріктіретін ИНТОСАИ (Халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымы) өңірлік ұйымдарының бірі болып табылады. ИНТОСАИ Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін қолдайтын ұйым дәрежесіне ие.