Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева мәлім етті. Оның айтуынша, тарифтік жоспар еліміздің байланыс операторлармен бірлесе отырып, іске қосылды. Абоненттік төлем 990 теңгені құрайды.

«Сондай-ақ қосымша 1 Гб интернет трафигі ұсынылады. Егер пайдаланушы шетелдік интернет-ресурстарға кіретін босла, интернет трафигі жұмсалады. Айта кетейік, байланыс операторлары барлық коммерциялық тарифтік жоспарларында осы ғылым беру интернет платформаларын шексіз пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Қашықтан оқыту мәселесіне көрсетілген осындай қолдау оң ықпалын тигізеді деп сенеміз»,- деді спикер.