Top.Mail.Ru

Орталық коммуникациялар қызметінде 14-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

ABU-ның 64-ші спорттық конференциясының ұйымдастырушысы "Қазақстан" телерадиокорпорациясы.

Брифингте ABU Бас хатшысы Джавад Моттаги мен "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин сөз сөйледі.
Кездесу барысында күнделікті жаңалықтармен алмасу, бағдарламаларды бірлесіп өндіру, техникалық және бағдарламалық қызметтерді көрсету бойынша жоспарлар айтылды.

Қазақстан астанасында өтетін ABU-ның 64-ші спорттық конференциясына қатысуға: Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция, Қытай, Таиланд, Гонконг, Австралия, Өзбекстан, Үндістан, Жапония және т. б. 20 елден түрлі телерадиокомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері келді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Ашхабад қаласында өткен ABU Бас Ассамблеясы аясында ABU мен "Qazsport" спорт телеарнасы арасында "Астана қаласында ABU бірлескен спорттық конференциясын өткізу туралы меморандумға" қол қойылған болатын.

Халықаралық спорттық конференция аясында делегаттар каратэден "Қазақстан Open" ірі халықаралық турниріне қатысады. Айта кетейік, каратэ жаңа спорт түрі ретінде бекітіліп, 2020 жылы Токио Олимпиадасында көрсетілген спорт түрлерінің тізіміне енген болатын. Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері Федерациясы елімізге келген қонақтарға Ұлттық спорт түрлерінен арнайы көрсетілім ұйымдастырмақ. "Qazsport" телеарнасы болашақта Ұлттық спорт түрлерін Азия елдерінде көрсетуді жоспарлап отыр.

Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) әлемдегі ең ірі хабар тарату одағының бірі. Қазіргі уақытта одақтың құрамына 76 елден 272 мүше кіреді. ABU-ға қарасты мүше компаниялар арқылы шамамен 3 миллиард адамға хабар таратылады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!