Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы (Елбасы Кітапханасы) өз жұмысын 5 сәуірде Қызылорда облысында жалғасатын «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын таныстырды және Елбасы Кітапханасы қызметінің бағыттары туралы айтып берді.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылдың қараша айында Алматыда басталды. Екі жарым жылда көрмелер Шымкент қаласында, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында өтті және оларды 730 мыңнан аса халық көрді. Елбасы Кітапханасы жинағының қор көрмесі жобаның негізі саналады. Жинақталған және жүйеленген архивтік, кітаптық, заттық кешендер тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша және елдегі Президент институтының қалыптасуы, дамуы бойынша бірегей зерттеулік, сараптамалық, мәдени-ағартушылық, білімдік, ақпараттық алаңын құрады.

«Біздің мақсат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстан тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету. Жоба бірқатар іс-шараны қамтиды: әлемнің үздік ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми конференцияны қамтиды және «Мұражайлық жиналыс» ғылыми-қорлық мұражайтану бағдарламасын жүзеге асыру аясында Елбасы Кітапханасы қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары ұсынылатын және тақырыптық, шолу экскурсиялар, сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұсынатын аумақтық кәсіби мәжілісті қамтиды. Аумақ тұрғындары Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына, еңбек қызметіне қатысты сирек суреттер, бейнематериалдар, мұрағат құжаттарын көре алады. Сонымен қатар, қор көрмесі аясында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шетелдік жоғарғы марапаттарының топтамасы ұсынылады. Келушілер XX ғасырдың 60-70-жылдардағы мұрағаттық құжаттардың беттерін ақтаруға, Қазақ ССР республикалық баспаларында жарық көрген газет мақалаларымен танысуға, Елордада мұражайдың өзінде ұстауға тыйым салынған жәдігерлерді өз қолымен ұстап көруге мүмкіндік алады», – дейді Елбасы Кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов.

Кітапхана өз жұмысын ғылыми-зерттеудің, ғылыми-қордың, экспозициялық көрменің, экскурсиялық, біліми ағартушылық және ақпараттық-баспа қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізеді. Елбасы Кітапханасының кітап қоры 31 мыңнан аса дананы құрайды. Кітапхана тұтынушыларына 2 жарым млн. аса электронды құжаттарға рұқсат берілген.

Тұңғыш Президенттің жеке мұрағаты – Елбасының қызметі барысында пайда болған биографиялық, шығармашылық материалдардың, құжаттардың түпнұсқалары. Жалпы саны 200 мың данаға жуық. Цифрлау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Елбасы Кітапханасы 2018 жылы 50 көрме ұйымдастырды. Жаңа сегіз экспозиция ашылды. Жалпы 2018 жылы Елбасы Кітапханасы экспозицияларымен жарты миллионға жуық адам танысты, 10 мыңнан аса экскурсия ұйымдастырылды.

2015 жылдан бастап Елбасы Кітапханасында екі күндік оқу семинар-тренингтері жобасы қолға алынған. Бүгінде оның оқушылар мен студенттерден құралған жеті мыңнан аса тыңдаушысы бар. Қазақстанның барлық облысының оқытушылары және Бас Прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары Академиясы тыңдаушылары, Ұлттық қорғаныс университеті, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер «Ұлт Жоспары. Бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам», «Казақстандық жол: Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Индустрия 4.0», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы секілді тақырыптар бойынша оқулар өткені туралы сертификат алды.

Пресс-служба Библиотеки Елбасы

Телефон: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-51 E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!