Top.Mail.Ru

«Nur Otan» партиясы Арыс қаласындағы зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстанның барлық өңірлерінен шыққан гуманитарлық заттар тиелген жүк көліктері Шымкент пен Түркістан облысына келіп жатыр.

Екі күн ішінде ғана төтенше жағдай болған ауданға партиялықтар 430 тонна азық-түлік тағамдарын, киім-кешек, бірінші кезекте керек заттарды, дәрі-дәрмектер мен құрылыс материалдарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен #АрысБізбіргеміз жалпыхалықтық акциясын өткізілуде. Партияның өңірлік филиалдарының базасында гуманитарлық көмек жинау орталықтары құрылды. Бірлігін көрсетіп, ынтымақтық танытқан қазақстандықтар акцияға қолдау білдірді. Соның арқасында көшірілген тұрғындарға көмек келіп жатыр. Партия осы гуманитарлық көмекті үйлестіруге байланысты жұмысты ұйымдастыруды қолға алды.

Оның сыртында барлық партиялық құрылымдар – Орталық аппарат, 17 өңірлік филиал, сондай-ақ, партияның 230 аумақтық филиалы Арыс қаласындағы зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды. Барлығы партиялықтардан зардап шеккендерге көмек ретінде 430 млн. теңгеден астам ақша түсті.

«Nur Otan» партиясының өкілдері төтенше жағдай орын алғаннан кейінгі санаулы сағатта Арыс тұрғындарын көшіру мен орналастыруге байланысты жұмысқа белсене араласып кетті. Партия жанындағы Балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің күшімен тұрғындарға арналып 24 балалар психологы көмегінің жұмысы ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан облысына қосымша 5 салалық ҮЕҰ жетекшісі мен Балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің өкілдері барды. Олар ересектер мен балаларға психологиялық көмек көрсету жұмысына белсене ат салысып жатыр.

Оқыс оқиғадан кейін есін жия бастаған тұрғындарды мазалаған басты сауал – Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі. Қалалықтарды өз күшімізбен үйлерімізді жөндеп, коммуникацияларды қалпына келтіре аламыз ба деген сауал толғандырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ахуалды өзінің жеке бақылауына алды. Ендігі жерде елді мекендегі өмірді қалпына келтіру Үкіметтің, әкімдіктердің, «Nur Otan партиясы мен барлық қоғамның ортақ мақсатына айналды.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қалада болып, көшірілген тұрғындармен жүздесіп, жағдайымен танысты. Сапар қорытындысы бойынша ол таяу уақытта ахуалдың тұрақталып, тұрғындардың үйлеріне оралып, қаланың қалпына келетініне сенім білдірді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!