Top.Mail.Ru

Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» корпоративтік қорының, «Меломан» компаниясының және BI Group құрылыс компаниясының баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Чайжунусова, MELOMAN бас директоры Вадим Голенко, BI group компаниясының құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тургынбекулы және әнші, «Ойыншықтар хикаясы-4» анимациялық фильміндегі барлық саундтректердің орындаушысы Данияр Өтеген қатысты.

«Өзіңнен баста» жобасында қазақ тіліне дубляждалған «История игрушек-4»/ «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмі республикалық прокатқа 2019 жылғы 20 маусымда шығады. Дубляждың демеушісі: BI Group. Сондай-ақ, іс-шара барысында спикерлер 2020 жылға әлемдік студиялардың фильмдерін қазақ тіліне дубляждау жоспары туралы айтып берді.

Спикерлер:

  1. Динара Чайжунусова - «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  2. Вадим Голенко – MELOMAN холдингінің бас директоры;
  3. Асхат Тургынбекулы – Құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директор BI group;
  4. Данияр Өтеген – әнші, «Ойыншықтар хикаясы-4» анимациялық фильміндегі барлық саундтректердің орындаушысы.

«Өткен жылы біз «Кино туралы» заң жобасына қазақ тіліндегі контенттің тең қолжетімділігі жайлы ұсынымдарды шығарғанбыз. Ұсыныстарымыз қабылданған заңға енбесе де, жұмысымызды сол бағытта әрі қарай жалғастырамыз. «Өзіңнен баста» жобасына демеушілік көрсетіп жатқан бизнес өкілдеріне, компанияларға шексіз алғысымды білдіргім келеді. 8 жыл ішінде 3.5 млн доллардан астам қаржы жиналды. Осылайша бизнестің көмегімен бүгін шетелдік киноның қазақ тіліндегі қоры қалыптасып, балаларымыз сүйікті Disney кейіпкерлерін тамашалай алады. Сонымен қатар соңғы екі жылда онлайн-кинотеатрлар мен Disney арамыздағы орнаған серіктестігіміздің арқасында дубляждалған фильмдерді кез келген уақытта көруге болады»,-деді «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

«BI Group холдингі жаңа фильмнің қазақша дубляжына қолдау көрсетті. Бұл осымен біз қолдау көрсетіп отырған сегізінші фильм. «Аладдин», «Дамбо», «Арыстан патша» секілді шетелдің танымал фильмдері қазақ тілінде сөйлесе – бұл мемлекеттік тіліміздің де мерейі артады. Біз алдыңғы кезекте ана тілімізді дамытатын жобаларды қолдауға тырысамыз. Соның арқасында қазақстандық балалардың сапалы киноконтентке қолжетімділігі арта түседі. Бұл жобаның маңыздылығын түсіне отырып, біз 800 млн теңге бөліп отырмыз. Атап айтсақ, 2018 жылы – 150 млн теңге, 2019 жылы – 300 млн теңге бөлінсе, ал алдағы 2020 жылы – 350 млн теңге көлемінде демеушілік көрсетеміз», - деді BI Group холдингінің құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тұрғынбекұлы.

«Өзіңнен баста» жобасы туралы әрбір адам біле бермейтін 10 қызықты дерек:

  1. «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасы 8 жыл бойы жұмыс істеп келеді және коммерциялық мақсаттарды көздемейді;
  2. Жобаны іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартина: «Walt Disney Pictures»/ «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының көруге арналған 16 отбасылық фильмі дубляждалды.
  3. Жоба аясында 8 жылда 180 мыңнан астам қазақстандық дубляждалған фильмдерді көрді;
  4. «Болашақ» корпоративтік қоры ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Кинематография туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобына қатысты. Жұмыс тобының қарауына кинотеатрларда фильмдерді жалға беру уақыты мен тілін мемлекеттік реттеу туралы 8 түзету енгізілді;
  5. Жобаның алғашқы «Disney»/ «Pixar» студиясының «Тачки 2»/ «Көліктер 2» фильмі Қазақстанды халықаралық деңгейде жариялады. Мэтр жүк көлігін дыбыстаған актер Азамат Қанапияның дауысы Disney студиясымен түпнұсқадан кейінгі әлемдегі ең үздік дауыс деп танылды.
  6. Жобаның арқасында қазақ тілі «Walt Disney» компаниясының тарихында 39-шы және дубляжда түрік тілінен кейін екінші түркі тілі болды.
  7. Қазақ тілінде дубляждалған фильмдердің кемінде 5 саундтрегі iТunes-те шықты;
  8. «Время первых»/«Алғашқылар дәуірі» картинасының дубляжы арнайы алғаш рет астаналық Bazelevs және Третий Рим студияларында біріктірілді.
  9. Жобаға тартылған ең жас әртіс Ақарыс Әшімхан-12 жаста, ал ең ересек, ҚР Халық әртісі, профессор Құралай Ешмұратова-73 жаста;
  10. Жоба ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталды және «Қазақстанның киноөнер өнеріне қосқан үлесі үшін» ҚР Кинематографистер одағының сыйлығына ие болды.

«Болашақ» корпоративтік қоры туралы:

«Болашақ» корпоративтік қоры — ерікті қайырымдылық іс-әрекеттерді қалыптастыруға бағытталған коммерциялық емес ұйым. «Әр бала мектепке лайықты», «Өзіңнен баста», «Қысқы қайырымдылық балы», «Жол жүру гранттары» атты қордың жобалары сапалы білім алуға, әлеуметтің осал топтарындағы балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді, сондай-ақ әлемдік киноөндірушілердің қазақ тіліндегі контентіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

www.bolashakcharity.kz pr@bolashak.kz тел.:+7 (7172)500-618 @bolashakcharity

ozynnenbasta #bolashakcharity

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!