Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Мусаходжаева Айман Қожабекқызы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өнер саласында білікті кадрларды даярлау туралы толығырақ мәлімдеді.

Қазақ ұлттық өнер университетінде кадрларды даярлаудың 5 сатылы моделі белсенді енгізілуде: мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура, оқытудың кредиттік технологиясын кезең-кезеңмен енгізуге негізделген, оның басымдылығын болжау оның икемділігімен, академиялық ұтқырлығымен және еңбек нарығының тез өзгеретін жағдайында түлектердің сұранысқа ие болуымен байланысты.

2017-2018 оқу жылында университетте келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды:

  • мектеп;
  • колледждің 9 бағдарламасы,
  • бакалавриаттың 18 бағдарламасы,
  • магистратураның 15 бағдарламасы, Бүгінгі күні білім алуда:
  • мектепте - 664 оқушы;
  • колледжде - 582 студент;
  • ЖОО-да студенттер, магистранттар және докторанттар барлығы -1770;

Барлығы: 3016 білім алушылар.

Болоньяда 2007 жылы қол қойылған Болон үдерісінің қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҚазҰӨУ «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2018 жылы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында біздің Университет Италия, Словения, Испания елдерінің жоғары оқу орындарына 8 (сегіз) студентті оқуға жіберді:

  • «Сценография» мамандығының 3 студенті Брер (Италия) Өнер академиясына оқуға аттанды;
  • «Арт-менеджмент» мамандығының 2 студенті Люлян университетіне (Словения) оқуға аттанды;
  • «Аспаптық орындаушылық» және «Вокалдық өнер» мамандықтарының 2 студенті Каталониядағы (Испания) Жоғары музыка мектебінде оқиды;
  • 1 магистрант Бенедетто Марчелло консерваториясында «Композиция» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады.

Ішкі Шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2017-2018 оқу жылында 13 студент Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды, ал ішкі кіріс академиялық ұтқырлық бойынша ҚазҰӨУ-де Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ң және Құрманғазы атындағы ҚҰК-ң 16 студенті білім алды. Ғылыми зерттеулер аясында университеттің 50 магистранты Лос-Анджелестің, Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Батумидің, Баку мен Алматының жетекші ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтті.

Профессорлық-оқытушылық құрамы

  • мектепте - 97 адам;
  • колледжде - 220 адам;
  • ЖОО - 294 адам; Барлығы: 611 адамды құрайды; Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің құрамы -160 адам; Оқу – көмекші қызметкерлер -245 адам; Қызмет көрсететін қызметкерлер -114 адам;

Біздің университетте барлығы 1130 штаттық қызметкерлер жұмыс істейді. Университеттің штаттық қызметкерлері қатарынан

  • 34 ғылым кандидаты,
  • 4 ғылым докторы,
  • PhD докторлар,
  • 8 ЖАК профессор және доцент ғылыми атағымен;
  • 3 ҚР Халық әртісі;
  • 9 ҚР Еңбегі сіңген әртістер
  • 38 Еңбек сіңірген қайраткерлер;

Университет педагогтары Қазақстандағы (Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті және т. б.) оқу орындарының мемлекеттік аттестаттау комиссияларының жұмысына қатысады.

2017-2018 оқу жылында 125 конференциялар, симпозиумдар, кеңестер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде 33 халықаралық.

«Туған жер» бағыты аясында ҚазҰӨУ-де «Қазақ өнерінің антологиясы» және «Қорқыт Ата мұрасын зерттеу бағытындағы жұмыстар», біздің университет жанындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын Қорқыт институты, сондай-ақ «Мәңгілік ел «Ғылыми негіздері» республикалық жобасы бойынша (ХХІ ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер»: «Қазақ қобыз музыкасының антологиясы» және «Қазақстанның контрабастық өнері (тарих және қазіргі заман)» атты ғылыми жобалар әзірленуде. 2018 жылы колледждің 182 студент және 134 оқушы халықаралық және республикалық байқаулар мен олимпиадалардың лауреаттары мен дипломанттары атанды.

«Жастар жылы» деп жариялаған биылғы 2019 жылы мыналарды жоспарлаудамыз:

  • «Цифрлық Қазақстан» инновациялық дамуының үкіметтік бағдарламасын іске асыру, яғни университеттің ноталық басылымдарын, ғылыми кітапханасы мен архивін цифрландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ университеттің электрондық құжат айналымын оңтайландыру, ҚазҰӨУ-нің виртуалды-сандық музейін ашу;
  • «Туризм», «Мәдени-демалыс жұмысы», «Музей ісі» жаңа мамандықтарға лицензия алу;
  • «Огонек» шығармашылық үйінің ашылуы, онда жыл бойы байқаулар, шеберлік сабақтар, оқыту семинарлары, көрмелер және белсенді сауықтыру шараларын өткізу жоспарлануда;
  • жас талантты жазушыларды, ақындарды, суретшілерді, музыканттарды және т. б. қолдау мақсатында «Жастар жылы» аясында әдебиет және өнер институтын ашу, қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау.
Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев:

"Весь Казахстан поможет Арыси, будет открыт специальный фонд. Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с населением. Надо разобраться в причинах взрыва, почему это произошло. Уголовное дело открыто, начато расследование. Если есть виновные, то они понесут ответственность по всей строгости закона. В дальнейшем город Арысь должен быть полностью очищен от всякого рода взрывных устройств"

Министр труда и социальной защиты населения Бердибек Сапарбаев:

«С прошлого года изменилась методика определения пенсии. Очень много было жалоб на то, что стаж не влияет на размер пенсии. С учетом просьб населения механизм определения базовой пенсии изменился. У нас 2,1 млн пенсионеров, у них базовая пенсия выросла на 80%. В целом за прошлый год пенсия выросла на 23%»

90,2 % населения обеспеченодоступом к питьевой воде в Казахстане - МИИР РК

6 тыс. квартир будут выделять для многодетных семей в Казахстане ежегодно