Орталық Коммуникациялар Қызметінің арнайы көшпелі алаңында егіс науқанына арналған баспасөз маслихаты өтті.

Спикерлер:Мауленов Акпар - ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары. Аетов Саят - «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы. Бадыраков Нурбек - Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 824 мың гектарға жуықтайды. Өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық егу жоспарланып отыр. Егіс құрылымын әртараптандыру бойынша: бидайдың егіс көлемі - 174,8 мың га, мақта - 121,2 мың га, көкөніс, бақша, картоп - 124,2 мың га, мал азықтық дақылдар - 207,6 мың га, майлы дақылдар - 100,6 мың га, дәндік жүгері - 45,9 мың га аумаққа орналастыру межеленіп отыр. Сондай-ақ, 164,5 мың гектарға егілген күздік бидайдың 15,0 мың гектары үстіп қоректендірілді. 2019 жылға жаздық егіс егілетін 513 мың гектар алқап айдалған.

Бүгінгі күнге 175 мың гектар жаздық дақылдар егілді, оның ішінде: 19,2 мың га көкөніс, 9,4 мың га картоп, 15,4 мың га бақша, 40,5 мың га жоңышқа, 34,2 мың га арпа, 7,8 мың га бидай, 48,5 мың га мақсары.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна жанар жағармай бөлініп, операторлар анықталған. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғанда литріне 165-167 теңгеден босатылуда. Бұл нарықтағы бағадан

22-24 теңгеге арзан. Операторлар әрбір ауыл округтеріндегі жанармай құю бекеттеріне дейін қажетті жанармайды жеткізіп беріп отыр. Наурыз айына бекітілген 10 мың тоннаның 1,8 мың тоннасы босатылған. Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес, 4,3 млрд.теңге қаржы қаралып, 96 мың тонна минералды тыңайтқыштарды субсидиялау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 33 мың тонна минералды тыңайтқыштар облысқа жеткізіліп, шаруаларға берілуде.

Техниканың дайындығы бойынша 16,4 мың бірлік- трактор, 1,7 мың бірлік - дәнсепкіш, 2,7 мың бірлік - жер қопсытқаш, 12,2 мың бірлік - топырақ өңдейтін агрегат дайын.

Тұқыммен қамтамасыз ету бойынша 13 тұқым (7 мақта, 4 бидай, 5 арпа, 3 жоңышқа, 2 мақсары) өндіретін шаруашылықтар ұйымдастырылған. Масақты дақыл, мақсары, мал азықтық дақылдар мен мақта тұқыммен толығымен қамтамасыз етілген.

Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру бойынша 4,3 млрд.теңгеге 953 өтінім түсіп, 1,8 млрд.теңгесі мақұлданып отыр. Егістікті цифрландыру бойынша 717 мың га егістік алқаптың электрондық картасы әзірленіп, тапсырма 100 пайызға орындалған.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!