Top.Mail.Ru

«Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған. Дубляждың демеушісі: BI Group

Жобаның басты мақсаты — Қазақстан азаматтарына әлемдік студиялардың көнтентін өз ана тілінде көруге қол жеткізу. Шараны, жобаны тың оймен рухтандырушы, «Болашақ» Корпоративтік Қорының қауымдастық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Қадырғалиұлы Байбек.

Синопсис: Астронавт Базз, ковбой Вуди, ит Слинки, тиранозавр Рекс және барлық ойыншық командасы қайтадан бірге жиналды және олар қызықты оқиларға әрқашан дайын. Энди колледжге түскеннен бастап, ойыншықтар өзінің жаңа иесі, міне балабақшаға баруға дайындалып жатқан, Боннидің үйіне қоныстанды. Балабақшадағы алғашқы күн жаңа ойыншықтармен танысуға, қуа жөнелген саяхаттарға және ескі достардың бірімен кездесуге және тіпті, романтикалық хикаяға да орын табылатын оқиғалар кезегіне бастау салады.

Қызықты деректер: -Дубляж кастингіне Нұр-Сұлтан мен Алматының 50 - ден астам актер қатысты;

  • фильмнің басты үш саундтрегін белгілі қазақстандық әнші Данияр Өтеген орындады;
  • қазақ тіліндегі үш саундтректің екеуі Itunes қрсымшасына шығады;
  • алғаш рет фильмге арналған әзілдерді Рамазан Фаилов қазақстандық КТК- шы бейімдеді; – Анимациялық трилогиядан шыққан дебюттік фильм 1995 жылы үлкен экранға шықты; – «Ойыншықтар хикаясы - 4/История игрушек-4» алғаш рет қазақ тіліне дубляждалды;
  • Том Хэнкс, Энни Поттс, Тим Аллен, Кристина Хендрикс, Киану Ривз және голливудтың басқа да актерлері қазақ тілінде сөйлейді.

Қазақстандық тұсаукесер: 20 маусым 2019 ж.; Өндіріс: Pixar Animation Studios,Walt Disney Pictures; Режиссер: Джош Кули; Композитор: Рэнди Ньюман Фильмнің слоганы: «Тарих деген сенсің»

Дубляж туралы ақпарат: «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған; Дубляж студиясы: «Aray Media Group»; Қазақ тіліндегі дубляж режиссері: Назерке Леспекқызы; Аудармашы: Әсел Мамырова; Мәтіндерді салушы: Сауыртаева Гүлжан; Қазақ тіліне дубляждалған 30-шы фильм; Дубляждың демеушісі: BI Group; Рөлдерді дубляждаған: Жанат Тынбаев (Woody), Айман Есенқызы (Bo), Фариза Бекібайқызы (Gabby Gabby), Жанқалдыбек Төленбаев (Buzz), Мұратбек Бейсенбаев (Forky), Тілектес Мейрамов (Ducky), Мирас Жакупов (Giggle Mcdimples), Нышанбек Жұбанаев (Bunny), Айгүл Иманбаева (Dolly).

«Өзіңнен баста» — голливудтық фильмдерді қазақ тіліне көркемдік дубляждау бойынша жоба. 2011 жылдан бері «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компанияларының бастамасымен. Әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсаттарды көздемейді.

Жобаның арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актерлер «Walt Disney Pictures» дауыстық базасында тұр. Қазақ тілі «Walt Disney» компаниясының тарихында түрік тілінен кейін 39-шы және «Sony Pictures» үшін — 7-ші орында орналасты. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-да көру үшін қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдеріне кірді.

«Өзіңнен баста» жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартинасы дубляждалды, оның ішінде: «Тачки-2» / «Көліктер 2», « Мстители-2: Эра Альтрона» / «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Храбрая сердцем»/»Батыл жүрек», «Тайна Коко»/»Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента» және басқалар. Барлығы: «Walt Disney Pictures»/ «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының отбасылық көруге арналған 16 фильм.

«Болашақ» корпоративтік қоры — қайырымдылық және ерікті қызметті қалыптастыруға ықпал ететін, коммерциялық емес ұйым. Қордың жобалары: «Әр бала мектепке лайық», «Өзіңнен баста», «Қысқы қайырымдылық балы», «Жол жүру гранттары» — сапалы білім алуға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді, сондай-ақ әлемдік киноөндірушілердің қазақ тіліндегі контентіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Баспасөз хатшысы Алуа Барманқұлова +7701-559-45-93 pr@bolashak.kz

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!