ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын түсіндіруге арналған шара өтті.

Баспасөз конференциясына ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Жұмаұлы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық бақылаушысы Шолпан Омарбекова мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай қатысты.

Жаңа құжат жолаушылар тасымалын субсидиялаудың ашық жүйесін құруға, жүк жөнелтушілердің жасырын транзит схемаларын пайдалануын болдырмауға және кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, жолаушылар қозғалысында локомотивтік тартқыштың жеке операторын құру арқылы жолаушылар тасымалдаушыларын мемлекеттік бюджеттен субсидиялау механизмі өзгертілді, ол бюджет қаражатын тікелей алушысы болады.

Бұл теміржол жолаушылар тасымалын қолдауға мемлекеттік субсидиялар бөлу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және барлық қатысты компаниялардың шығыстары мен кірістерінің ашық есебін жасайды.

Сондай-ақ, заңда жасырын транзит схемасы бойынша жүк тасымалдау мүмкіндіктерін алып тастау бойынша нормалар көзделген, бұл Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері арасындағы транзиттік оператор ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

Түзетулердің жеке бөлігі кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін бағытталған.

Осылайша, алдағы уақытта қызметтерді тұтынушылар кірме жолдар иелерінің заңсыз, үстем және монополистік әрекеттерінен заңнамалық деңгейде қорғалатын болады.

Жалпы, заң теміржол тасымалы саласына жағымды әсер етіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.