Ал тағы 1 теңгеге 2,6 теңге несие қаражаты тартылды. Субсидияланған ұлттық валюта бірлігі бюджетке 135 теңге түсім мен 8 теңге салық түсімін әкелді. Бұл алдағы бес жылға созылған Бизнестің жол картасының мультипликативті әсері. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осындай мәліметтерді «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин келтірді.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысушылар 10 жыл ішінде 25 трлн. теңге, 1,6 трлн. теңге салық. БЖК аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің арқасында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде, бірінші кезекте, қаржыландыру қалалық және ауылдық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болу міндеті тұр.

«Біз өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемін ұлғайту мақсатын көздедік. Олар бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құрып, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын арттырғысы келді. Біз бұл тармақтардың барлығына жоспарлы түрде қол жеткіземіз»,- деп атап өтті «Бәйтерек» Холдингі төрағасының орынбасары.