Процесс егжей-тегжейлі регламенттелген, оқу орындары тізімге өздігінен кіреді. Олар арнайы «сауалнаманы» толтырады.

Ведомство өкілдері үш рет тексеріп барады. Бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді.


«Түсіністік болмаған, қателер түзетілмеген кезде лицензиясынан айырып, сотқа жүгінуге тура келеді. Сот процестерінің басым бөлігінде соттар БҒМ ұстанымын дұрыс және заңды деп таниды», - деп атап өтті министр.


Айта кетейік, жабылған ЖОО-ның 66 мың студенті басқа оқу орындарына ауысты. Грантта оқығандар оны сақтап қалды, ал «шаруашылық есептегі» кейбір студенттердің оқу ақысы төмендетілді. Бірде-бір студент грант бойынша да, несиелерді қайта есептеу бойынша да, өзінің білім беру траекториясын жалғастыру бойынша да оқудан тыс қалған жоқ.


«Жоғары оқу орындарының жабылуы, әрине, панацея емес. Сонымен қатар, біз жауып, бас лицензияны қайтарып алудан басқа, белгілі бір білім беру бағдарламалары мен дайындау бағыттары бойынша жұмыс істейміз. Бейінді емес дайындық бағыттары бар, сәйкесінше, ЖОО-да осы дайындық бағыты бойынша сапалы білім беру үшін жеткілікті ресурстар, материалдық-техникалық база, оқытушылар жоқ. Мұндай жағдайларда біз бас лицензияны толық емес, белгілі бір дайындық бағыты бойынша ғана қайтарамыз. Қазіргі уақытта 37 жоғары оқу орнынан дайындық бағыттары бойынша 143-тен астам лицензия қайтарылды. Мысал ретінде мұғалімдердің дайындығын келтіруге болады. Егер бір жыл бұрын елімізде 86 жоғары оқу орнының педагогтары даярланса, бүгінгі таңда 60-тан сәл асады.  Бұл да маңызды. Бұл жоғары оқу орындарының барлығының дерлік базасы педагогтар дайындау үшін жеткілікті болған жоқ. IT-мамандарды даярлау туралы да айтуға болады. Медициналық бөлім бойынша бағыттар бар. Клиникалық бөлім, материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліктілігі, педагогикалық кадрлар бойынша проблемалар бар. Аталған жоғары оқу орындарын бейіндеу үшін олар кадрлар дайындай алатын бағыттар бойынша жұмыстар жүргізудеміз», – деп түсіндірді еліміздің бас педагогы.


Сапаға басымдық беру. Мемлекет басшысы осындай тапсырма берді. Лицензиясынан айырылған ЖОО-лар ішінде мемлекеттік оқу орындарының болуы да сондықтан.