Профессор, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиеваның айтуынша, бұл мағынасыз.

«Вакцинаны кезекпен салдыру мағынасыз. Антиденелердің қалыпты деңгейін алу үшін вакцинацияны бір вакцинамен аяқтау қажет. Себебі «QazVac» пен «Спутник V» вакциналары технология, дайындау әдістері бойынша мүлдем өзгеше. Егер біз бір екпемен егілудің толық курсын аяқтамай, басқасын салдыратын болсақ - бұл мағынасыз болады», - деп кесіп айтты ҚР ДСМ фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев

бұл жерде әріптесімен келісетінін жеткізді.

«Бұл әртүрлі вакциналар: белсенді емес, поливирионды вакцина және вирустың жеке ақуыздары бар субуниттік вакцина. Оларды бірге қолдануға болмайды. Бұл қарастырылмаған. Қазақстандық вакцинаны ресейлік вакцинамен араластыру гипотетикалық тұрғыда да талқыланбайды. Бұл мүлдем әртүрлі екпелер және вакцинация кезінде оларды ауыстыруға болмайды», - деді сарапшы.

Ол еске салып өткендей, «Спутник V» және «AstraZeneca» вакциналары біртипті болғандықтан оларды аралас алу жолдары талқыланған. Бірақ бұл мәселе сол күйінде қалды. Толық дәлелдер базасы, клиникалық зерттеулер және т.б. қажет.