«Біз адамдарды заңсыз әрекеттерден сақтандырдық. Себебі, құқық бұзушылық болған жағдайда құқық қорғау органдары кінәлілерді қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылдауға міндетті. Осы оқиғалар кезінде Мемлекет басшысы да халыққа үндеу жасай отырып, парасаттылық танытуға және арандатушылыққа берілмеуге шақырды.

 
Өкінішке орай, кейбір азаматтар заңсыз әрекеттерге жол бермеу бөлігіндегі барлық үндеулерді елемеді. Бастапқыда бейбіт жиналыстар өткізудің Заңмен белгіленген тәртібі бұзылған болатын. Осыған қарамастан, наразылық акциялары бейбіт сипатта болғандықтан, бұзушыларға шаралар қолданылған жоқ. Қарақшылар жағдайды пайдаланып, қылмыс жасай бастады - күш пен қару қолданды, бұған басқаларды шақырды, ғимараттар мен көліктерді басып алып, өртеді, адамдарды өлтірді. Осыдан кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың жолын кесу мақсатында тәртіп бұзушылар мәжбүр болғандықтан ұсталып, полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттерінің сипатына және әкеп соққан салдарына байланысты, олар әкімшілік жауаптылыққа тартылды немесе қылмыстық істердің фигуранттары болып табылуда», - деп мәлімдеді спикер.  


Бас прокуратура осы ұстанымға сүйене отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін одан әрі де шаралар қабылдайтын болады. Бұл ретте әрбір құқық бұзушының іс-әрекеті объективті және мұқият тексеріліп, ал жауаптылық шаралары жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен кінәлінің жеке басы ескеріле отырып, қабылданатын болады.