Оның айтуынша, соттар осы оқиғалармен байланысты барлығы 8 354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеруде.  


«3 337 құқық бұзушыға қамаққа алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданылмай, ескерту ғана жасалды. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды. Осы сәтте 1 002 адам қамақта. Олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сотқа 1 758 өтінішхат енгізді. Қазіргі таңда прокурорлардың өтінішхаттары бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды. Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтінішхат қаралу үстінде. Бұдан бөлек, тағы 358 әкімшілік іс материалдарды сотқа жіберілмей тоқтатылды. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, оның ішінде 44-і терроризм актілері бойынша, 15-і - кісі өлтіру бойынша, 6 іс - насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды, оның 695-ін сот қамаққа алды», - деді Бас прокуратура өкілі. 


Азамат Серғазин барлық істер бойынша прокурорлар азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Қылмыстық істердің барлық айыпталушыларына, оның ішінде ұсталғандарға уақтылы заң көмегі көрсетілуде. Ол азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және құқықтық тәртіпті сақтауға шақырды.