Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен 2019-2020 оқу жылы І тоқсанының қорытындысы туралы баспасөз-конференциясы өтті.

Елімізде 2019-2020 оқу жылында мектеп оқушыларының 95,4%-ы немесе 1-10 сыныптар жаңартылған мазмұнға көшкен. Жаңа оқу жылында 6972 білім беру ұйымдарында 3 252 158 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 5 күндік оқу аптасы мен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі енгізілген. Білім беру мазмұнын жаңарту оқу нәтижелерін қадағалаудың жаңа нысандарын талап етті, критериалды бағалау жүйесі енгізілді.

  • Бағалаудың жаңа жүйесінде объективтілікті қамтамасыз ететін бағалау құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Әзірленген өлшемдер мен тапсырмалар білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары мен білімін қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, оқушы қалай сөйлейді және пайымдайды, бастысы бөліп бере алады және қорытынды жасай алады ма, шешім қабылдай алады ма, алынған білімді өмірде қолдана алады ма. Бұл дәстүрлі бағалардың объективті еместігін жоюға мүмкіндік береді және талаптардың бірлігін, стандарттауды және рәсімдердің теңдігін қамтамасыз етеді,- деді вице-министр.

Қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін орта және жоғары сыныптардағы жазбаша жұмыстар, зертханалық және практикалық жұмыстар болды. Бүгін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау тексеру кезінде бұл мұғалімдер қиындықтарға тап болмайды. Әрине, ескі жүйеде жазбаша жұмыстар болмаған және оқушылардың ауызша жауаптарын ғана бағалауға үйренген пән мұғалімдеріне қиындайды.