Биылғы жылдың 5 айы ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқықтары бұзылған 17 мың қазақстандықтардың ісі қаралды. Жалпы сомасы 1,7 млрд теңге жалақы бойынша берешек өтелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға тексеру жүргізілді, онда 1 мыңнан астам түрлі заң бұзушылықтар жойылды.

«Соңғы 4 жылда өндірістік жарақаттанудың 1683 зардап шеккеннен 2019 жылы 1431 – ге дейін төмендеуі байқалады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр еңбек қатынастары саласында әлеуметтік серіктестік белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 126 мың кәсіпорын ұжымдық шарттар жасады, оның ішінде 94,7% ірі және орта кәсіпорындар. 137 мың кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандум жасасты. 205 мың кәсіпорын 1,2 млн жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын 32,7% - ға көтерді.