Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

«Ағымдағы жылғы 3 маусымнан бастап қауіпсіз демалыс жағдайларына балалардың құқықтары бұзылған кезде ата-аналар мен демалушылардың жүгінуі үшін 8 7172 74-18-64 нөмірі бойынша жедел телефон желісі іске қосылады», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, барлық облыстарда сауықтыру ұйымдарының басшыларымен балалар демалысын сапасы мен қауіпсіздігін қамтамысыз ету бойынша семинарлар өткізіліп жатқанын да айтып өтті.

«Комитеттің сайтында ағымдағы жылғы 29 мамырдан бастап ата-аналарға балалардың қауіпсіз болуы және сауығуы үшін жағдай жасалған сауықтыру ұйымдарының тізбесі орналастырылды», - деді ол.

Айта кетсек, жазғы сауықтыру маусымына тиісті дайындықты қамтамасыз ету мақсатында балаларды сауықтыру ұйымдарында демалысты, тамақтануды ұйымдастыру, ауыз сумен, тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мәніне санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу бойынша жұмыс жүргізіледі. Білім беру басқармалары, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері мен кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумдар жасалып, ұйымдардың аумақтарында дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізіледі.