2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан референтті мемлекет ретінде дәрілік заттардың сараптамасын жүргізуге шетелдік және отандық фармакологиялық өндірушілерден 23 өтінім қабылдады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу бойынша атқарылған тиімді жұмыс қазақстандық дәріханалар сөрелеріне денсаулыққа қауіп төндіретін препараттардың жіберілуіне тосқауыл қояды. 2018 жылы барлығы 6,5 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жасалды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18% көбірек», - деді Дәрілік заттарды Ұлттық сараптау орталығының бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов.

Жүргізілген сараптамалардың жалпы санының 3%-да (176) тіркеуден бас тартылған, яғни сапасыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан нарығына жіберілмеген.

«Жыл сайын Ұлттық орталық Республикаға әкелінетін және республикада шығарылатын, тіркелген дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қауіпсіздігі мен сапасына шамамен 63 мың қауіпсіздік пен сапа қорытындыларын береді. 2018 жылы осы санат бойынша бас тарту саны 1% болды немесе 863 препарат қауіпсіздік пен сапа талаптарына жауап бермеді», - деп атап өтті Қанат Ержанов.

Сонымен қатар, отандық денсаулық сақтауды цифрландыру бағдарламасының шеңберінде, 2018 жылы ДЗҰСО-да сараптамалар жүргізу уақытын қысқартатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау кезінде жасанды интеллект қолдану жөніндегі пилоттық жобаға старт берілді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым:

«Мен Астананың Нұр-Сұлтанға өзгеруін толықтай қолдаймын және бұл менің тұрақты позициям. Себебі Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым. Оны ешкім ешқашан жоққа шығара алмайды. Екіншіден, бұл жалпы халықтың да пікірі. Біз күнде жан-жақтан хабар алып отырмыз. Жұмысшылар, еңбеккерлер, кәсіподақ ұйымының басым көпшілігі осы қадамды қолдап отыр»

118 тысяч квартир построят в Казахстане в 2019 году

2,5 млрд тенге направят на эпизоотические мероприятия в Туркестанской области