Top.Mail.Ru

«Қайырымдылық керуені» ІІ республикалық конкурсы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде басталады. Бұл туралы бүгін конкурстың ұйымдастырушылары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Өқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

«Екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл конкурс арқылы Елбасы Қоры адамгершілік құндылықтарды, қайырымдылық және гуманизм идеяларын насихаттайды. Біз жүрегі кең азаматтарымызды, бүгінгі күннің нағыз батырларын халыққа көрсетіп, таныстырғымыз келеді. «Қайырымдылық керуені» жобасы азаматтардың үлкен ықыласына ие болғаны қуантады. Өткен жылы комиссияның қарауына еліміздің барлық аймақтарынан 97 өтініш келіп түсті», - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 2 қыркүйегінен 29 қарашаға дейін жалғасады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында келіп түскен өтінімдерді іріктеу жүргізіледі. Конкурстың жеңімпаздары 2020 жылғы ақпан айының соңында – Алғыс айту күні қарсаңында анықталады.

Айта кету керек Қайырымдылық керуенінің жеңімпаздары 5 номинация бойынша анықталады: «Асар» (қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты болу керек), «Туған жер» (туған жерге білім, экология және абаттандыру салаларында, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. саласында көмек көрсеткендерге арналған), «Батыл жүрек» (ерлік, қайсарлық танытқан адамдар), «Мейірім жолында» (өз еркімен, өз қаражатына адамдарға көмек көрсеткен жеке және жаңды тұлғалар), «Қайырмалық Тарихы» (қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударатын материалдарды ұсынатын, БАҚ-та қайырымдылық тақырыптарын үздік жариялаған журналистерге немесе шығармашылық топтарға арналған номинация).

Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Тұңғыш Президенті Қорының www.fpp.kz сайтынан, сондай-ақ келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 79 15 98, + 7 701 512 55 00 Шамбаева Айман Қасенқызы, «Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы» РҚБ-нің атқарушы директоры, жоба үйлестірушісі (e-mail: karavan_dobroty@fpp.kz, rauwomen@yandex.ru).

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!