Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазгидромет" мамандары болжам жасады.

Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт Қазақстанның облыстары бойынша ауа райындағы өзгерістер немен байланысты екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, 2020 жылғы көктемгі ауа райы туралы толықтырды.

Айта кетсек, маусымдық болжам бойынша ауа температурасы мен жауын-шашынның толық анализі, нормадан тыс немесе ауа температурасының күрт өзгеруін білдіреді.

"Маусымдық болжам орташа есеппен 60-65%-ды ғана ақтап отыр, сондықтан, маусымдық болжамды консультативті түрде пайдаланған абзал. Бұл кейіннен айлық, онкүндік, апта бойынша ауа райы болжамдарымен нақтыланады", - деді спикер.