Top.Mail.Ru

Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда экономика мен халықты қолдау жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ басшысы Руслан Дәленов хабарлады.

«Бірлескен іс-қимыл жоспары 4 бағыт бойынша нақты мерзімі мен аяқталу нысаны көрсетілген іс-шараларды қамтиды. Бұл жұмыспен қамту және халықтың табысын қолдау, ШОБ шұғыл қолдау шаралары, белсенді импортты алмастыру, макроэкономикалық тұрақтылық. Жаңа экономикалық жағдай орта мерзімді перспективада елдің сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістердің болуын қажет етеді», - деді министр 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың жаңа редакциясына тоқталып.

Ол 1 тамызға дейін әзірленеді.

«Басты міндет өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, импортты алмастыруды тиімді дамытуға, өңдеу өнеркәсібінде терең қайта бөлуді дамыту бойынша жаңа экожүйелерді қалыптастыруға, инвестициялық таргеттеуді тартуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін белсенді арттыруға негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болады», - деп атап өтті Р. Дәленов.

Ведомство басшысы сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша қабылданған шаралар бірқатар озық халықаралық институттардың оң бағасына ие болғанын атап өтті.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!