Биылғы жылдың 11 айында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы БАҚ өкілдерін аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабардар етті.

Аймақ басшысының мәліметінше, екі жыл ішінде облыста инвестиция көлемі екі есеге артып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 685,4 млрд.теңгені құрады.

"Бүгінде облыста 1,0 трлн.теңгеге жуық сомаға 39 жаңа ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Биыл 8 жоба іске қосылды, олардың ішінде: жаңа «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты, Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты, үш күн электр станциясы бар. 2020 жылы Қарағанды облысында 13 жаңа өндіріс ашу жоспарланған. Саран қаласында автобус және Қарағанды қаласында лифттер өндірісін ашу бойынша жобалар әзірлену сатысында",- деді облыс басшысы.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында балалар тағамы мен сүт өнімдерін өндіретін зауыт салынуда. Жыл сайын облыста 9 мың жаңа бизнес субъектілері пайда болады. Әрбір үшінші қарағандылық бүгінгі таңда шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Бизнесті дамытудың арқасында облыста 32,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша биыл 10 млрд теңгеден астам сомаға 65 жоба мақұлданды. Тағы 50-ден астам жоба 30,3 млрд теңгеге жұмыс істеуде.

Облыс бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға көмек көрсету үшін 11 жұмыспен қамту пункті және 13 мобильді пункт құрылды. Жалпы облыста жұмыссыздық деңгейі 4,4% - ға дейін төмендеді, жұмыспен қамту шараларымен 57 049 адам қамтылды, жоспар бойынша 55 645 адам.

"Еңбек" бағдарламасы аясында 37 902 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 39 710 адам.

2019 жылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы АӘК 6,7 млрд.теңге төленді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есе өсті: 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, келесі жылы 630,0 мың шаршы метрге дейін салу жоспарлануда. Оның ішінде 1008 адам "әлеуметтік кезек" бойынша.

Ж.Қасымбек атап өткендей, облыста Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанның алғашқы 300 үйін газға қосуға дайын. 2021 жылға дейін көгілдір отынмен 1 млн. адам, 100 елді мекен немесе 68 мың үй, 200 қазандық, 700 кәсіпорын қамтамасыз етіледі.

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап облыста лифтілерді ауыстыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. Екі жыл ішінде 360 ескірген немесе жұмыс істемейтін көтергіштерді ауыстыру жоспарлануда.

Денсаулық сақтауда МЖӘ тетіктері белсенді қолданылады, соның арқасында шамамен 30 жоба жүзеге асырылды. 7 емхана, 8 оңалту орталығы ашылды.

Қарағанды облысы Қазақстанда алғашқы болып МӘМС пилоттық режимде енгізілуде. Медициналық сақтандыру арқасында 3 айда қымбат диагностикалық зерттеулерді тұтыну 3 еседен астам өсті,оңалту көмегіне қолжетімділік 1,5 есе, консультациялық - диагностикалық қызметтерге қолжетімділік 2 есе артты.

Келесі жылы Қазақстандық ипотекалық компаниямен қол қойылған меморандум аясында Қарағанды қаласында 200 дәрігер пәтер алады және облыс өңірлерінде 150-ден астам қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.