9 тамызда Арыс қаласында 6,9 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2 мың тұрғын үйде шағын жөндеу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласында барлығы 9 мың құрылысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 мыңы қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалғандары әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуда.

17 сектордағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әскери полигондағы жарылыстардан зардап шеккен бірде-бір үй қалпына келтірілмей қалмайды.