Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Утпенов Қажылыққа қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабаралайды ortcom.kz тілшісі.

«Қасиетті Құранда айтылады кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын делінген. Яғни, жағдайы келсе ғана кез келген адам өмірінде бір рет қана қажылыққа баруы парыз. Одан бөлек, тағы барамын десе оның ешқандай артықшылығы жоқ», - деді Наурызбай Утпенов.

Сондай-ақ, қарызға қажылыққа баратындарға қатысты пікір білдірді.

«Қарыз алып, көмек сұрап қажылыққа баартындар да кездеседі. Оны шариғат қолдамайды», - деді Наиб Мүфти.