ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Мусин Қанат еліміздегі қылмыстылық ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңын негізгі новеллалары және адамның құқықтарын қорғауды күшейту туралы айтып берді.

М. Ахметжанов қылмыстық құқық бұзушылықтар санының азаюына қарамастан, құқық қорғау органдары ауыр және аса ауыр қылмыстармен күресті жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

«Кісі өлтірушілерге, педофилдерге, экстремистерге, тұрмыстық садистерге, есірткі сатушыларға және ұйымдасқан қылмысқа ешқандай жеңілдік болмауы тиіс», - деді Бас Прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ, спикер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар туралы хабардар етті.

Ел Президенті Заңға а.ж. 28 желтоқсанда қол қойды.

Мәселен, жаңа Заңмен ҚК 188-1-бабы енгізіледі, ол мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімін көздейді.

Соңғы жылдар ішінде қылмыстық процестің жаңғыртылғаны, жарыспалылықтың жоғарылағаны, оның барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау күшейтілгені атап өтілді. Жазалардың баламалы түрлерін қолдану аясы кеңейтілді.

Бас бостандығын шектеу мен айыппұлдар мыңнан астам санкцияларға (658-ден 1086-ға дейін) балама ретінде енгізілді. Олар үстеме жазаға айналды және 50% жағдайда тағайындалады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бас бостандығынан айыру ең соңғы шара ретінде қаралады. Бүгінде сотталып жатқандар 25% болса, 2000 жылдары-50%-дан астам болатын (2000 жыл-51,3%; 2006 жыл-49,3%, 2013 жыл-38%).

Нәтижесінде 28 жылда қамаудағылар саны 70 мыңға қысқарды. 12 түрме жабылды.

Түрмеде отырғандардың индексі бойынша Қазақстан Израиль, Сингапур, Австралия және Еуроодақтың бірқатар елдерін басып оза отырып, 100 орында келеді (100 мың адамға шаққанда 156 сотталған).

Жүйелі және салмақты көзқарас елдегі құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға ықпал етті.

Ағымдағы жылы қылмыс 17%-ға (289 096 -2018 ж. бастап 241 479-ға дейін), соның ішінде кісі өлтіру - 11% (797-ден 695-ке дейін), ұрлық - 22% (175 636-дан 136 316-ға дейін), тонау-22% (7 956-дан 6 237-ға дейін), қарақшылық-19% (560-дан 453-ке дейін), бұзақылық-28% (8 118-ден 5 821-ге дейін), есірткіге байланысты-12% (7 646-дан 6 700-ге дейін) төмендеді.

Үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына баса-көктеп кірумен жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Олар ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылады, олар бойынша соның ішінде қайталанған қылмыстар үшін татуласу болмайды.

Зорлау (ҚК 120-б.) және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері (ҚК 121-б.) орташадан ауыр санатқа ауыстырылды (ҚК 120-бабының 1-бөлігі, 121-бабының 1-бөлігі – 5 жылдан 8 жылға дейін).

Жас балаға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін (ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабы) 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жауаптылық көзделген. Жас балаларды өлтіргені үшін де осындай жаза көзделген.

Енді педофилия фактілерін хабарламағаны, жасырғаны және бұрмалағаны үшін (ҚК 416, 432, 434-баптары) жазаның ең жоғары мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.

Заңсыз аң аулау (ҚК 335-бабы) және заңсыз балық аулау (ҚК 337-бабы) теріс қылықтан ауырлығы орташа қылмыстар санатына ауыстырылды. Осындай фактілер үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 10 млн. теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Қорықтардағы балықтардың сирек кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енгізілген жануарларға қатысты осы әрекеттер 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал қылмыстық топтың құрамында немесе аса ірі мөлшерде 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Олар бойынша қылмыс құралдарын, көлік құралдарын және браконьерлердің мүлкін міндетті түрде тәркілеу енгізіледі.

Сонымен қатар, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен мас күйінде ЖҚЕ бұзғаны үшін жеке бап көзделген (ҚК 345-1-бабы).

Бірқатар түзетулер есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған.

Есірткіні насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚК-нің 299-1-баптары) 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұдан басқа, заңсыз айналым үшін жауаптылықты көздейтін баптарда (ҚК 297-б.) және есірткіні пайдалануға көндіргені үшін (ҚК 299-б.) "электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану" және "қоғамдық орындарда” деген жаңа саралау белгілері енгізілді.

Бұдан былай, интернет арқылы, түнгі клубтарда, дәмханаларда, парктерде орын алған есірткі айналымы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал кәмелетке толмаған адамға осындай тәсілмен есірткіні сату – өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасына енгізілген өзгерістерден басқа тағы да 14 заңға түзетулер қарастырылған.

Неке және отбасы туралы Кодекске бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу бойынша нормалар енгізіледі.

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу тәртібі жеңілдетіледі.

5 тәулік ішінде міндетті тіркеу алып тасталады және қабылдаушы адамдардың келгендер туралы Ішкі істер органдарын хабардар ету міндеті енгізіледі.