«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

«Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, олардың ішінде: еңбекпен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар», – деді Олжас Ордабаев.

Жүргізілген талдау барысында отандық жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтіні анықталды.

«Кейбір жоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басып, тез ақша табуда. Өйткені білімге емес, құжатқа сұраныс бар», – деді спикер.

«Атамекен» мұндай тенденциямен күрес ретінде әкімшілік әдісті ұсынады, яғни оқу орындары болашақ жұмыссыздарды дайындамауы үшін олардың лицензияларын қайтарып алу қажет. Сонымен қатар Рейтинг нәтижесі мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу кезінде ескерелуі тиіс. Олжас Ордабаевтың айтуынша, нашар маманды дайындайтын жоғары орнына мемлекеттік қаражат бөлінбеуі керек.

«Атамекен» ҰКП Мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістерді енгізуді бастамалады (ҚР БҒМ-ның №122 бұйрығы): егер ЖОО рейтингтің төменгі бөлігінде болса, комиссия мұндай білім ордасына мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту құқығынан айыруға құқылы.

Анықтама үшін:

  • Рейтингті қалыптастыру барысында 90 мамандық қамтылды, 2036 білім беру бағдарламасы бағаланды, ҚР-дың барлық өңіріндегі 700 сарапшы 6000 сараптамалық қорытынды шығарды.
  • Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, олардың ішінде: еңбекпен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.
  • Жүргізілген рейтинг барысында түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 74%-ды құрайтыны анықталды, түлектердің орташа айлық еңбекақысы – 103 285 теңге.
  • Дипломды алу уақытынан бастап жұмысты іздеу ұзақтығы орта есеппен 3,5 айды құрайды, «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша түлектер тез жұмыс табады – 2 ай, ал «Шетелдік филология», «Стоматология», «Кеден ісі» мамандықтарының түлектері жұмыс іздеуге 5 айдан ұзақ уақыт жұмсайды.