Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы өтті.

Баспасөз маслихатына Армия генералы, ҚР ҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы, «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің Бақылаушы кеңесінің төрағасы Марат НАҒҰМАНОВ, «Atamnyn amanaty» Қоғамдық бірлестігінің Басқарма басшысы Мұрат МОЛДАҒАЛИЕВ қатысты.

Бірлестіктің басты мақсаты - Қазақстаннан шақырылған Ұлы Отан соғысының әр қатысушысын мәңгі есте сақтау.

Соғыс кезінде мерт болған және хабарсыз кеткен қазақстандық майдангерлердің жерленген жерлерін іздеу; Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау арқылы Ұлы Отан соғысы тақырыбын жастар арасында насихаттау, әр қазақстандық жауынгердің өз отбасы мен Еліне қайтып оралуы – бұл қазақ халқы менталитетінің негізі болып табылатын тектілік жадыны қалпына келтіру.

Қайырымдылық негізде бизнесмендердің қолдауымен Ұлы Отан соғысында мерт болған және хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздестіру бойынша қазақстандық сайт жасалды және бүгінде 300 өтінімнің 42 тағдыры анықталды. Қысқа мерзім ішінде жауынгерлер жерленген жеріне екі отбасының сапары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бір қазақстандық жауынгер қайтарылып, барлық әскери сый-құрметпен Отанында жерленген.