Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Соңғы үш жылда Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар нәтижелі істер атқарды. Мысалы, ауыл шаруашылығы учаскелерінің сандық кадастры жасалды. Енді министрлікте нақты аймақтағы әр егістіктің, жайылым, бақ немесе шабындық алқаптарының көлемін, сондай-ақ әр жер иесінің аты-жөні туралы ақпарат бар.

Шамамен 80 мың адамның иелігіндегі 290 мыңнан астам егістік алқаптары цифрандырылды. Олардың жалпы аумағы - 26 млн гектарды құрайды. Сондай-ақ, 49 мың қазақстандыққа тиесілі 132 мың жайылым жер цифрландырылды. Сандық агрокадастр мәліметтерімен qoldau.kz сайтынан кез келген адам таныса алады.

«Біз жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен басқаруды біртіндеп сандық форматқа ауыстырудамыз. Бүгінгі күні нақты деректері бар агроөнеркәсіптік кешеннің Ахуалдық орталығы бар. Онлайн кадастр бізге пайдаланылатын жердің әрбір учаскесін толық мониторинг пен бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Әр егістікпен жайылым бойынша өсімдіктердің вегетациясы, топырақтың температурасы, ауа температурасы, топырақтағы ылғал, жауын-шашын, химиялық құрамы және арамшөптермен залалдануы күнделікті өзгерістерді көріп отырамыз. Сондықтан да біз жердің қанша уақыт пайдаланылатынын немесе тұрып қалғанын білеміз», - деді Сапархан Омаров.

Бұдан басқа, Министрлік агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау процесін толығымен автоматтандырды. Жақын арада егістік пен жайылымдардың тарихы қамтылған кітапты жариялау жоспарлануда. Сондай-ақ, жерді тиімсіз пайдаланушылардың «ашық тізімін» жасау және осы тізімге кірген жер пайдаланушыларға субсидия беруге тыйым салу шаралары, 2021 жылға дейін жер беру жөніндегі баламасыз электрондық конкурстарды өткізу жүйесін енгізу, егіс пен жайылымдағы байланыс мәселесін толық шешу, АӨК жағдайын тез және сапалы талдауға және болжауға мүмкіндік беретін «үлкен деректердің» толыққанды жүйесін құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқарудың тиімділігін арттыратын шаралар қатарына ҚР Ауыл шаруашылы министрлігінің кейбір заң шығару бағытындағы бастамалары кіретінін хабарлады. Сонымен қатар, пайдаланылмайтын учаскелерді қайтарып алуды жеделдету үшін министрлік заң жобасын әзірледі. Онда ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын беру, сондай-ақ пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасын 20 есеге арттыру ұсынылады.