Жүргізуші куәлігін беру және көлікті тіркеу бойынша қызмет көрсету кезінде полиция азаматтармен, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен мүлде байланысқа түспейді.

«Тексеруге берілген құжаттар бойынша өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында ешбір таңдаусыз, «адами фактор» жойылып, автоматты режимде жүргізіледі», - деді ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.

Сонымен қатар, көлік құралдарын қарау және оларды бастапқы тіркеу кезіндегі процедураларды толық жою жоспарлануда.

«Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға, сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ тіркеу-емтихан қабылдау бөліністерінің резервтегі штаттық бірлік қызметкерлерінің есебінен құрылған шаттық бірліктермен саптық бөліністерді нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Нұрділда Ораз.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жоқ қабылдау бөліністерінің функциялары қарапайым Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беріледі.

Қазіргі уақытта ІІМ мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына біртіндеп көшу үшін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүргізуде.