Қазақ күресін мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізу мәселесі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Осы тақырыпты жаңа жылдың алдында қозғағанбыз. Ұсыныстан бұрын бізге бірінші дайындық керек. Қазіргі уақытта пәннің методикасын құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. 100 сабақтың бағдарламасын жасауды мақсат етіп қойдық», - деді ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

Ғалымдармен, Білім және ғылым минстрлігімен және мамандармен бірлесіп жасау көзделіп отырғанын да айтып өтті.

«Күрес деген жай емес. Балалардың жасына қарай әдістемесі де айрықша болуы керек. Білім министрлігіне жүгінудің алдында сол методиканы өзіміз федерация мен олимпиада комитетімен бірлесіп жасай аламыз. Сонда ғана ештеңеден жасқанбай ұсынуымызға болады», - Арман Шораев.