Қазақстан әскерінің 2019 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаев мәлімдеді.

Қарулы Күштер Қазақстан мен шет елдердегі оқу-жаттығуларда, оның ішінде ведомствоаралық және түраралық топтардың құрамында үлкен масштабты әскерлерді алыс қашықтыққа көшіруден шеберлік пен дағдыларды жетілдіреді.

«2019 жылы 109 командалық-штабтық оқу-жаттығу мен дайындық, 50 000 астам жауынгерлік даярлық шаралары, оның ішінде 3 700-ден аса жауынгерлік ату мен тактикалық оқу-жаттығулар, оларыдың 1 500-і түнде жүзеге асырылды. 60 000-нан аса негізгі әскери-есептік мамандар даярланды. Атап айтқанда, атқыш, граната лақтырушы, нысанашы, жүргізуші және тағыда басқалары» - деп атап өтті Тимур Дәндібаев.

Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының деңгейін Армия халықаралық ойындарының нәтижесінен көруге болады. Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы жалпы командалық есепте үш сайыста абсолютті жеңімпаз атанып, үздік үштікке енді.

Қазақстанның бітімгершілік қызметке қатысуды кеңейту жалғастырылады. Ағымдағы жылы мамыр мен қараш айларында Ливанға бітімгершілік ротаны аттанды. Жақында ғана Ливанға Қазақстандық бітімгершілік полкінің үшінші бітімгершілік ротасы жіберілді.

Ағымдағы жылы БҰҰ қазақстандық «Бітімгершілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығын сертификаттады. Ол қазақстандық және шетелдік мамандарды даярлау бойынша өңірлік орталққа айналды.

Кадрларды даярлау жүйесі жүзеге асты. Әскери білім беру орталықтарында даярлаудың жаңа жүйесі, киберқауіпсіздік, ақпараттық қарсы күрес, бітімгершілік миссияларға қатысу, басқару жүйелерін автоматтандыру сияқты аса қажетті бағыттар бойынша арнайы пәндер енгізілді.

Әскерді автоматтандыруға және цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді. Әскерлер мен ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу басқарудың жеделдігін арттыруға ықпал етеді, бұл материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басты шаралардың бірі әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы түрлерімен жарақтандыру болып табылады. 2019 жылы жауынгерлік дөңгелекті машиналар, ұшқышсыз кешендер, 400-ден астам автокөлік және арнайы техника сатып алынды. Жоспарлы түрде қазақстандық кәсіпорындардың күштерімен күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізілді – бронетанды қару-жарақ, зымырандық-артиллериялық қару-жарақ және 20 көп мақсатты тартқыш.

Қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру жүргізіледі. Осы күзде жас толықтыру 16 мыңнан астам адамды құрады. Қазіргі уақытта Қарулы Күштерді, Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау аяқталды, Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде.

Арыс қаласында төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Тасымалдауға болатын оқ-дәрілердің фрагменттерін жою қаладан 60 км қашықтықта «Бастарбек» полигонында жүргізіледі.

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде әскери басқару органдарының қызметіне кешенді функционалдық талдау жүргізілді, бұл шешім қабылдау жеделдігін арттыруға, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымын өзектендіруге мүмкіндік берді.

2020 жылға арналған жоспарларға қатысты Қорғаныс министрлігінің басым міндеттері әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жеке құрамды даярлау мен үйретуді жетілдіру болып табылатыны атап өтілді. Сондай-ақ әскери қызметтің имиджін және әскери қызметшілердің мәртебесін арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, бітімгершілік қызметін қамтамасыз ету және Қарулы Күштерді жан-жақты дамыту жөніндегі жоспарларды одан әрі іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.