Қазақстанда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«4 оңтүстік өңірде, нақтырақ, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанның барлық облыстарының аумағында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру және басқа да табиғи-ошақтық инфекциялар бойынша стационарлық қолайсыз пункттер бар.

Саяхатқа шығушылар, өздері баруды көздеген елдерде қандай аса қауіпті аурулар бар екенін біліп, одан қорғанып барулары қажет екенін айтып өтті.

«Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда шетелден келген Денге қызбасы 9 жағдайы тіркелген. Оның 4 –еуі Тайланд, Сингапур, Вьетна, Индия елдерінен жұқтырылған. Содан соң, Конго-Қырым қызбасының 1 жағдайы тіркелді. Ол Өзбекстаннан келген азамат әкелген. Қазір емделіп жатыр. Биылғы жылы тырысқақ ауруының 5 жағдайы тіркелді. Бұл ауру Индиядан жұқтырылып әкелінді. Және малярия ауруының 1 жағдайы тіркелді. Бұл ауру да Индиядан әкелінген. Барлығы мезгілінде анықталып, диагностика жасалынды, олар инфекциялық ауруханаларға жатқызылып, оқшауланды». – деді Бекшин.

Айтуынша, 2019 жылдың қаңтарынан бастап әлемде 407 мың тырысқақ (745 өлім жағдайымен), 79 күйдіргі (7 өлім жағдайымен), 28 Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (5 өлім жағдайымен), 65 сары қызба (12 өлім жағдайымен), 1011 Эбола қызбасы (790 өлім жағдайымен), 174 мыңнан астам Денге қызбасы (482 өлім жағдайымен) тіркелген. Тайландта 30 мың Денге қызбасы тіркеліп, оның 90-ы өлім жағдайымен аяқталған.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!