ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі» туралы айтты.

«2019 жылғы 30 желтоқсанда еліміз тиісті заң жобасын ратификациялап, Қазақстан ресми түрде Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 50-ші мүшесі болды», – деді О. Бектенов.

ГРЕКО-ға қосылу Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылын кеңейтудегі кезекті қадамы болды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Еуропа Кеңесінің сарапшылық әлеуетін тартуға мүмкіндік береді.

ГРЕКО-ға мүшелік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың еуропалық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізуді көздейді, бұл өз кезегінде елде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Еуропа Кеңесі тарапынан аудит болып табылады. Мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, оларды орындау үшін мемлекеттерге 18 ай беріледі.

Сонымен қатар, қазақстандық сарапшылар да басқа қатысушы елдердің мониторингі үшін бағалау топтарының құрамына кіреді. Олар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының прогрессивті элементтерін ұйымға кіретін басқа елдерде таратуда «жолсерік» болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағсының бірінші орыбасары, ГРЕКО-ға кіру Қазақстанға Еуропа Кеңесінің Конвенциясының сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және басқа да маңызды халықаралық нормативтік құқықтық актілерді ратификациялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Олжас Бектенов: «Оларды ратификациялау шетелдік әріптестермен қылмыскерлерді экстрадициялау, шетелге шығарылған активтерді қайтару бөлігінде одан әрі тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді» – деп сөзін қорытындылады.