Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы вакциналар сатып алынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Людмила Бюрабекова Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын да атап айтты.

«Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, 17 мыңнан астам байланыста болған адам қызылшаға қарсы егілген», -деді Людмила Бюрабекова.

Айтуынша, қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда 3,4 есеге (1984 жағдайдан 586 жағдайға дейін) төмендеді.

«Қызылшамен сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. 147 мыңнан астам бала егілді. Бұдан басқа, 72 мың медицина қызметкері егілді», - деп хабарлады Комитет басшысы.